Феброфид Форте дәрілік препаратының медициналық қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Феброфид форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кетопрофен
Дәрілік түрі, дозалануы
Таблетки, покрытые оболочкой 100 мг
Препарат ересектер мен балалардың 15 жастан бастап келесіде қабылдауына арналған:
Ұзақ симптоматикалық ем үшін:
- ревматоидтық артритті, шорбуынданатын спондилитті немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы тектес синдромдарды және псориаздық артритті қоса, ревматизмнің созылмалы қабыну ауруларында;
- ауыру синдромымен жүретін, мүгедектікке шалдықтыратын артроздарда.
Өршулерінің қысқа мерзімді симптоматикалық емі үшін:
- жауырын-иық периартриті, тендинит, бурсит сияқты абартикулярлық ревматизм синдромдарында;
- микрокристалды артриттерде;
- артроздарда;
- бел ауыруында;
- радикулалгияда тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз зақымдануларында.
- кетопрофенге, немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға өзге аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде күрделі, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын анафилаксиялық реакциялар байқалған;
- жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі;
- асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы аурулары (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің болғаны көрсетілуі, ойық жаралардың түзілуі немесе тесілуі);
- асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа қан кетулер (немесе қан кетуге күдіктену);
- бауыр функцияларының айқын бұзылулары ;
- бүйректің айқын жеткіліксіздігі;
- 24 аптадан асқан мерзімдегі жүктілік және бала емізу кезеңі;
- балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктіліктің дамуына және/немесе шарананың құрсақішілік дамуына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар емшек сүтіне енеді. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Кетопрофенді қолдану әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясына теріс әсер етуі мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерде қолдану ұсынылмайды. Бала көтере алмай жүрген немесе бедеулікке қатысты тексеріліп жүрген әйелдерде, кетопрофенді қолдануды тоқтату керек.
Дозалану режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге
ФЕБРОФИД форте 100 мг: ересектерде тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тағайындайды.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 200 мг құрайды.
Тәулігіне 200 мг кетопрофен дозасында емдеуді бастар алдында болжамды қаупі мен пайдасының теңгерімін мұқият талдау керек, ал одан жоғары дозалар ұсынылмайды.
Жағымсыз реакцияларын болдырмау үшін пациент ФЕБРОФИД фортемен бір мезгілде антацидтік дәрілерді қабылдауына болады.
Ұзақ симптоматикалық емдеу: күніне 100 мг-ден 1-ден 2 таблеткаға дейін немесе күніне 100-ден 200 мг-ға дейін.
Жедел криздерді қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: күніне 100 мг-ден 2 таблеткадан немесе күніне 200 мг.
Тәуліктік дозасы күніне 1-2 қабылдауға бөлінуі тиіс.
Жиі
- жүрек айнуы, құсу, диспепсия, іш аумағының ауыруы.
Жиі емес
- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық;
- ісінулер;
- іш қатуы, диарея, іштің кебуі, гастрит;
- тері бөртпесі, терінің қышынуы;
- қажу.
Сирек
- қан жоғалтумен байланысты анемия;
- парестезиялар;
- анық көрмеу;
- құлақтағы шуыл;
- демікпе ұстамалары;
- пептидтік ойық жара, стоматит, колит;
- гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатиттен туындаған бұзылулардың дамуы салдарынан билирубин концентрациясының жоғарылауы;
- - салмақ жоғарылауы.
Рецептсіз
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды пошта: complaints@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610150)
Электронды пошта: phv@santo.kz, infomed@santo.kz




