Феброфид гель дәрілік препаратының медициналық қолдану нұсқаулығы

Нұсқауларды жүктеп алыңыз

Саудалық атауы

Феброфид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетопрофен

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған гель, 2,5%

Қолданылуы

Препарат ересектерде қолдануға арналған.

Бұлшықеттер мен буындардағы жарақаттан кейінгі ауырсыну, сіңірлердің қабынуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар
  • белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
  • анамнездегі фотосенсибилизация реакциялары
  • кетопрофен, фенофибрат, тиапрофен қышқылы, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданғаннан кейінгі бронх демікпесінің, аллергиялық риниттің симптомдары сияқты анамнездегі жоғары сезімталдық реакциялары
  • экзема немесе акне және терінің қабыну аурулары және ашық жаралары сияқты терінің өзгерістері
  • кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, ультракүлгін сүзгілерін немесе парфюмерия қолданғаннан кейін терінің анамнездегі аллергиялық өзгерістері
  • күн сәулесінің экспозициясы, тіпті аспан бұлтты болған кезде де, сонымен қатар ультракүлгін сәулелер солярийде, емдеу кезеңінде және препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 аптадан кейін 
  • жүктіліктің үшінші триместрі
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Ерекше нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде кетопрофен құрамындағы дәрілік заттарды қолданудан бас тарту қажет.
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар босанудың кешігуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан жүктіліктің соңғы триместрінде кетопрофен қолдануға болмайды.

Кетопрофеннің іздік мөлшері ана сүтімен бөлінеді, сондықтан Феброфид гелін емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі 

Ересектер
Зардап шеккен, ауыратын аймақтың терісіне гельдің аздаған мөлшерін тәулігіне 2-3 рет жағады және бірнеше минут бойы ысқылайды. 

Егде жастағы пациенттер
Дозалау бойынша арнайы ұсыныстар жоқ. 

Балалар
Кетопрофенді балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жағымсыз реакциялар сипаттамасы

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар 

Әрбір препарат сияқты, Феброфид жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар әр пациентте бола бермейді.

Жиі емес 

  • терінің аллергиялық реакциялары: эритема, экзема, қышыну және ашыту сезімі

Сирек

  • фотосенсибилизация және уртикальды бөртпе (есекжем)
  • таралуы мүмкін немесе жалпыланған түрде болуы мүмкін көпіршікті экзема немесе суланғыш экзема сияқты ауыр реакциялар

Өте сирек 

  • бүйрек функциясының бар жеткіліксіздігінің одан айқын көрінісі

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

  • анафилаксиялық реакция, ангионевроздық ісіну (Квинке), аса жоғары сезімталдық реакциялары
Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Химфарм» АҚ, Рашидов к-сі 81, 160019 Шымкент, Қазақстан Республикасы
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды пошта: complaints@santo.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Химфарм» АҚ, Рашидов к-сі 81, 160019 Шымкент, Қазақстан Республикасы

Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды пошта: complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Химфарм» АҚ, Рашидов к-сі 81, 160019 Шымкент, Қазақстан Республикасы
Телефон нөмірі: +7 7252 (610150)
Электронды пошта: phv@santo.kzinfomed@santo.kz