Феброфид инъекция дәрілік препаратының медициналық қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Феброфид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кетопрофен
Дәрілік түрі, дозалануы
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/2 мл
Кетопрофенді емдеу үшін қолдану кетопрофеннің қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері, оған аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігі және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қолжетімділігіне байланысты.
Препарат ересектер мен 15 жастан бастап балаларға қабылдауға арналған:
- қысқамерзімді симптоматикалық ем үшін:
- ревматизм ауруларында қабыну үдерісінің өршуінде
- белдің жедел ауырсынуында
- радикулалгия
- онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну синдромының емінде
- бүйрек шаншуының ұстамаларының емінде
- кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға басқа аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын күрделі анафилаксиялық реакциялар байқалған.
- 24 аптадан бастап жүктілікте.
- анамнездегі белсенді пептидтік ойық жара немесе кез келген асқазан-ішектен қан кетулері, ойық жаралану немесе тесілу
- қан кетулері (асқазан-ішек,, цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетулер)
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- гемостаз бұзылулары немесе ағымдағы антикоагуляциялық ем (бұлшықет ішіне енгізілуіне байланысты қарсы көрсетілген)
- бензил спиртінің болуына байланысты бұл препарат шала туған және күні жетіп туған нәрестелерге қарсы көрсетілімде
- 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімде
Жүктілік немесе лактация кезінде
Простагландиндер синтезін тежеу жүктіліктің дамуына және/немесе ұрықтың жатырішілік дамуына аса жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар емшек сүтіне өтеді. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Кетопрофенді қолдану әйелдердің ұрпақ өрбіту функциясына теріс әсер етуі мүмкін және жүктілікті жоспарлаған әйелдерде ұсынылмайды. Жүкті бола алмайтын немесе бедеулікке байланысты тексеруден өтетін әйелдерде кетопрофенді қолдануды тоқтату керек.
Симптомдарды азайту үшін мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде ең төмен тиімді дозаны қабылдау қажет.
Пайда/қауіп арақатынасы 200 мг тәуліктік дозаны қабылдау басталғанға дейін мұқият бағалануы тиіс, ал бүйрек шаншуы жағдайында дозаны арттыру қатаң түрде емдеудің ең ұзақ мерзімін сақтай отырып жүргізілуі мүмкін.
Дозалау режимі
Ревматологияда және ісік текті аурулар үшін ұсынылатын доза - 100 мг (1 ампула) Феброфид бұлшықет ішіне күніне 1-2 рет. Бүйрек шаншуында күніне 100-300 мг.
Қажет болған жағдайда емдеу Феброфид препаратының ішке қабылданатын немесе сыртқа жағылатын дәрілік түрлерін қолдану арқылы толықтырылуы мүмкін. Бүйрек шаншуы ұстамаларында - 48 сағаттан аспауы тиіс.
Күнделікті дозасы 2-3 инъекцияға бөлінеді.
Кетопрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 200 мг-нан аспауы тиіс.
Инъекциялар қатаң түрде стерильді жағдайларда, бөксенің сыртқы жоғарғы квадрантының сыртқы бөлігіне, терең және баяу енгізілуі тиіс. Әр инъекция үшін екі бөксені кезектестіріп отыру ұсынылады. Иненің ұшы тамырға түспегеніне көз жеткізу үшін енгізер алдында аспирация жүргізу маңызды.
Инъекция кезінде қатты ауырған жағдайда, препаратты енгізуді дереу тоқтатыңыз.
Санда протез болған жағдайда, инъекция келесі бөксеге жасалуы тиіс.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі:
- жүрек айнуы, құсу, диспепсия, іш аумағының ауыруы
Жиі емес:
- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық
- ісінулер
- іш қату, диарея, іш кебу, гастрит
- тері бөртпесі, тері қышынуы
- шаршағыштық
Сирек:
- қан жоғалтумен байланысты анемия
- парестезиялар
- анық көрмеу
- құлақтағы шуыл
- демікпе ұстамалары
- пептидтік ойық жара, стоматит, колит
- гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің артуы, гепатиттен туындаған бұзылулардың дамуы салдарынан билирубин концентрациясының жоғарылауы.
- салмақтың артуы
Белгісіз:
- агранулоцитоз, тромбоцитопения, сүйек кемігі жеткіліксіздігі, лейкопения, гемолиздік анемия,
- Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса)
- бағдарсыздық, эмоциялық орнықсыздық
- асептикалық менингит, құрысулар, бас айналуы, дисгевзия
- жүрек жеткіліксіздігі
- артериялық гипертензия, вазодилатация, васкулит (лейкоцитокласттық васкулитті қоса)
- бронх түйілуі (әсіресе, ҚҚСП-ға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде), ринит
- ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының асқынуы, асқазан-ішектен қан кетулер, тесілуі, панкреатит
- фотосенсибилизация, алопеция, есекжем, созылмалы есекжемнің өршуі, буллезді бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролизді қоса
- организмде сұйықтық іркілуі, гиперкалиемия. Қауіп факторы бар пациенттердегі функциялық жедел бүйрек жеткіліксіздігі (ЖБЖ). ЖБЖ әкелуі ықтимал бүйректің органикалық зақымдануы: интерстициялық нефриттің, жедел тубулярлық некроздың, нефроздық синдромның, папиллярлық некроздың жекелеген жағдайлары тіркелген. Бүйрек функциясы бұзылуы.
- ливедоидтық дерматитті (Николау синдромы) қоса, ине шаншыған орындағы реакциялар. Инъекция орнының ауырулары және ашытқаны болғанының бірнеше жағдайлары туралы хабарланды
- Клиникалық зерттеулердің деректері және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда) артериялық тромбоздардың (мысалы, миокард инфарктісі және инсульттің) даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін деп болжауға негіз береді.
Рецепт арқылы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электрондық пошта: complaints@santo.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электрондық пошта: complaints@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610150)
Электрондық пошта: phv@santo.kz, infomed@santo.kz




