Феброфид капсула дәрілік препаратының медициналық қолдану нұсқаулығы

Нұсқауларды жүктеп алыңыз

Саудалық атауы

Феброфид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетопрофен

Дәрілік түрі, дозалануы

Капсулалар 50 мг

Қолданылуы

Препарат ересектер мен балалардың 15 жастан бастап келесіде қабылдауына арналған:
Ұзақ симптоматикалық ем үшін:

  • ревматоидтық артритті, шорбуынданатын спондилитті немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы тектес синдромдарды және псориаздық артритті қоса, ревматизмнің созылмалы қабыну ауруларында;
  • ауыру синдромымен жүретін,  мүгедектікке шалдықтыратын  артроздарда.

Өршулерінің қысқа мерзімді симптоматикалық емі үшін: 

  • жауырын-иық периартриті, тендинит, бурсит сияқты абартикулярлық ревматизм синдромдарында;
  • микрокристалды артриттерде;
  • артроздарда;
  • бел ауыруында;
  • радикулалгияда тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз зақымдануларында.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
  • кетопрофенге, немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП)  немесе  қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
  • анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға өзге аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде күрделі, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын анафилаксиялық реакциялар байқалған;
  •  жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі;
  •  асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы аурулары (гастрит,  асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің болғаны көрсетілуі, ойық жаралардың түзілуі немесе тесілуі);
  • асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа қан кетулер (немесе қан кетуге күдіктену);
  • бауыр функцияларының айқын бұзылулары;
  • бүйректің айқын жеткіліксіздігі;
  • 24 аптадан асқан мерзімдегі жүктілік және бала емізу кезеңі;
  • балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
  • тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Ерекше нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктіліктің дамуына және/немесе шарананың құрсақішілік дамуына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін.

Қабынуға қарсы  стероидты емес препараттар емшек сүтіне енеді. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Кетопрофенді қолдану әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясына теріс әсер етуі мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерде қолдану ұсынылмайды.

Бала көтере алмай жүрген немесе бедеулікке қатысты тексеріліп жүрген әйелдерде, кетопрофенді қолдануды тоқтату керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі     

Егер препаратты анағұрлым төмен, тиімді дозасында (50 мг) симптомдарды басу үшін қажетті қысқарақ уақыт мерзімі ішінде қабылдаса, жағымсыз  реакцияларың  азайтуға болады.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 200 мг.
Тәулігіне 200 мг дозадағы кетопрофенмен емдеуді бастар алдында болуы мүмкін қаупі мен пайдасы арасындағы теңгерімді мұқият талдау керек, ал жоғарырақ дозалары ұсынылмайды.

Ұзақ симптоматикалық ем: әр 8 сағат сайын 50 мг 1 капсуладан немесе тәулігіне 150 мг 
Өршулердің қысқамерзімді симптоматикалық емі: күніне 50 мг-ден 4 капсула немесе тәулігіне 200 мг.

Қабылдау жиілігі
Капсулаларды тамақтану кезінде қабылдау керек.
Тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінуі тиіс.

Жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Жиі

  • жүрек айнуы, құсу, диспепсия, іш аумағының ауыруы.

Жиі емес

  • бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық;
  • ісінулер;
  • іш қатуы, диарея, іштің кебуі, гастрит;
  • тері бөртпесі, терінің қышынуы;
  • қажу.

Сирек

  • қан жоғалтумен байланысты анемия; 
  • парестезиялар;
  • анық көрмеу;
  • құлақтағы шуыл;
  • демікпе ұстамалары;
  • пептидтік ойық жара, стоматит, колит;
  • гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатиттен туындаған бұзылулардың дамуы салдарынан билирубин концентрациясының жоғарылауы;
  • салмақ жоғарылауы.

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

  • агранулоцитоз, тромбоцитопения, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, гемолиздік анемия, лейкопения
  • Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса).
  • гиперкалиемия 
  • бағдарсыздық, эмоционалдық орнықсыздық 
  • асептикалық менингит, құрысулар, бас айналуы, дисгевзия
  • жүрек жеткіліксідігі  
  • артериялық гипертензия, вазодилатация, васкулит (лейкоцитокластық васкулитті қоса)
  • бронх түйілуі (әсіресе, ҚҚСП-ға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде), ринит 
  • ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі, асқазан-ішектен қан кету, перфорация, панкреатит.
  • Тәулігіне 200 мг дозадағы пероральді кетопрофен нәжісте жасырын қанның пайда болуына түрткі болуы мүмкін, мұның ықтималдылығы дозасы мен емдеу ұзақтығы артқан сайын жоғарылай түседі 
  • фотосенсибилизация, алопеция, есекжем, созылмалы есекжемнің өршуі, буллездік бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромын қоса.
  • организмде сұйықтық пен натрийдің іркілуі.

Қауіп факторлары бар пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігі (ЖБЖ). ЖБЖ соқтыратын интерстициальді нефрит, өзекшелердің жедел некрозы, нефроздық синдром, папиллярлық некроздың бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарланған.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды пошта: complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта).

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі:  +7 7252 (610150)
Электронды пошта: phv@santo.kz, infomed@santo.kz