


ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН ЗИЯНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН. ҚР-ДЗ-0№025728 13.04.2022 ЖЫЛДАН: ШЕКТЕУСІЗ

Препарат ересектер мен 15 жастан асқан балаларға арналған.
Феброфид Форте 100 мг: ересектерге күніне 2 рет 1 таблеткадан тағайындалады. Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды шайнамай, жеткілікті мөлшерде су немесе сүтпен (кемінде 100 мл) бірге, тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бірден қабылдау керек.
Ең жоғары тәуліктік доза — 200 мг. Кетопрофеннің тәулігіне 200 мг дозасымен емдеуді бастамас бұрын, ықтимал қауіп пен пайда арасындағы тепе-теңдікті мұқият талдау қажет, ал одан жоғары дозалар ұсынылмайды. Жағымсыз реакциялардың алдын алу үшін пациент Феброфид Форте препаратын антацидтік құралдармен қатар қабылдай алады.
Егер аса қажеттілік болмаса, бұл препаратты жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге немесе жүктіліктің алғашқы 5 айында (гестацияның 24 аптасына дейін) тағайындауға болмайды. Мұндай қажеттілік туындаған жағдайда, емдеу қысқа мерзімді және мүмкіндігінше ең төменгі дозада жүргізілуі тиіс. Бұл топтағы пациенттерге препаратпен ұзақ мерзімді терапия жүргізу өте қолайсыз.





























